Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмады

667

Шымкенттік «Ордабасы» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Петрокубқа» қарсы қарымта ойынын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесудегі жалғыз голды алаң қожайындары сапынан  Теодор Лунгу бірінші таймда соқты. «Петрокуб» ойыншылары екінші таймда да шабуылда белсенді болды. Ал оларға қазақстандық клубтың ойыншылары лайықты жауап қата алмады. Есеп — 1:0.

Осылайша, Қазақстан чемпионы Чемпиондар Лигасынан шығып, Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне топ ете қалды.