«Қазақ хандығының құрылған жылы деп 1465 жыл көрсетілген (еске салайын, Орыс мемлекетінің «тәуелсіздік» алған жылы — 1480. Уградағы Ұлы қорғаныстан, сосын 15 жылдан кейін болғаны осы. Бұл жақсы я жаман емес, бұл — Новосібірде қазір қыс және қар бар деген сияқты шынайы факт)…».
Ресейлік тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой «Қазақстан территориясы — Ресейдің үлкен сыйы» деп мәлімдеген депутат Вячеслав Никоновтың сөзін жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл ойын тарихшы facebook-тегі парақшасында жазған.
«Өткен аптадағы «сөзталастан» біздің кейбір азамат, оның ішінде біздің сельподағы коммуналдық депутаттар тарих туралы білімін «Иван Васильевич меняют профессию» сияқты кеңестік кинокомедиядан алады-ау деймін. Естеріңізде болса, фильмде Иван Грозный (оның рөлінде Ю.Яковлев ойнаған) «Казань брал, Астрахань брал, Шпака не брал» дейді. Осы күшті «әдістеменің» негізінде біздің болмай қалғыр ұлтшылдар Қазан мен Астрахан хандықтары болған деген шешім жасайды. Ал басқасы туралы айтылмағандықтан, олар тіпті болмаған деген тұжырымға келеді. Қазақ мемлекеттігі (кеңес өкіметіне дейін) болмаған деп аузы көпіріп дәлелдегісі де келген. Осындайлар кеңес заманына сілтегенді жақсы көреді. Кеңес десеңіздер, кеңеске назар аударайық. Әдебиетке қарайық…», — дейді тарихшы.
Сондай-ақ Виктор Козодой 1943 жылы М. Әбдіқалықов пен А. Панкратованың (КСРО ҒА академигі, сөзіне ешкім күмән келтіре алмайтын ғылыми авторитет) «Истории Казахской ССР» атаулы бірінші кітабы шыққанын, соның 94-бетінде, яғни 9 параграфында «Қазақ хандының құрылуы мен дамуы» бар, онда «Мемлекет құрылып, Қазақ хандығының негізіне айналған» деген сөз бар дегенді айтады.
«Ары қарай кеттік, 95-бет, «Жас мемлекеттің халық саны өсіп жатты. XV ғасырдың 60-жылдары онда 200 мың адам болды. Қазақ хандығын Жәнібек басқарды».
1949 жылы И. Омаров пен А. Панкратованың редакциясындағы екінші кітап шықты. «Кеңестік тарихтану» осындай. Қазақ хандығының құрылған жылы деп 1465 жыл көрсетілген (еске салайын, Орыс мемлекетінің «тәуелсіздік» алған жылы — 1480. Уградағы Ұлы қорғаныстан, сосын 15 жылдан кейін болғаны осы. Бұл жақсы я жаман емес, бұл — Новосібірде қазір қыс және қар бар деген сияқты шынайы факт). Сондықтан тарихты кинокомедиямен емес, ғылыми зерттеулерден оқу керек, әсіресе, кеңес кезінде тұжырымдалып, жоққа шығарылмағанын…», — дейді тарихшы.