Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» сес көрсетті

1624
Бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) профи-рингте үлкен жоспарлар құрып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Instagram-да өзінің фотосын жариялады, ал қатарында орта салмақтағы әлем чемпиондары — Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО — WBA Super, WBC), Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО — IBF) и Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО — WBO) бейнелері тұр. «Сәлем чемпиондар! Ұтылғыларың келмей ме? Жақсы. Таяуда мен келемін де әрқайсыларыңнан өз белбеуімді аламын. Әзірге мені тек Instagram-нан ғана көрудесіңдер. Жақында мені рингте өздеріңе қарсылас ретінде көресіңдер. Маған сеніңдер, бұл өмірлеріңдегі еш ұмытылмайтындай айқас болады», — деп жазды Әлімханұлы.