Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде үздік атанды

1349
Қазақстандық режиссердің туындысы халықаралық кинофестивальде үздік атанды.
«Танымал театр және кино режиссер, театрымыздың көркемдік жетекшісі Талғат Досымғалиұлы режиссурасымен 2017 жылы түсірілген «Маленький принц нашего города» фильмі 2019 жылдың 9-18 қаңтар аралығында Дакке (Бангладеште) өткен Халықаралық кинофестивальде «Ең үздік балалар фильмі» жүлдесін жеңіп алды. Бұл қазақ киносының үлкен жетістігі. Театр ұжымы атынан Талғат Досымғалиұлын және фильмнің шығармашылық құрамын құттықтаймыз», — деп жазды театрдың баспасөз қызметі.