Францияның бұрынғы президенті түрмеге қамалды

1124

Сот отырысы кезінде ол ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетке бармағанын және ешқашан өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбағанын мәлімдеген еді. Онысынан түк шықпады.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 2 жылын шартты түрде өтейтін болды, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

Париж соты Николя Саркозиді айыпты деп тапты. 2014 жылдың «тыңдалыс ісін» қарау өткен жылдың қараша айының соңынан желтоқсан айының басына дейін өтті. Қаржы прокуратурасы 66 жастағы саясаткерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, оның 2 жылын шартты түрде беруді талап етті.

Францияның бұрынғы президенті өзіне тағылған айыпты бірнеше рет жоққа шығарды. Сот отырысы кезінде ол ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетке бармағанын және ешқашан өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбағанын мәлімдеген еді. Онысынан түк шықпады.

Саркози нақты мерзімге сотталған француздың алғашқы экс-президенті болды.