Украинада туған әр бала 18-ге толғанда жер қойнауы байлығынан қаражат алады

1175

Украинада «экономикалық төлқұжаттар» енгізіледі. Ел Президенті Владимир Зеленский оған сәйкес елде туған балалар 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан дивиденд (үлеспайда) алатынын айтады. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлады.

Зеленский Конституцияға сәйкес жер қойнауы бүкіл Украина халқының меншігі екенін еске салды.

Украина халқы деп саналып, жер қойнауын иеленіп, пайдалана алатын адамдар тізімі болған кезең артта қалды. Жақында біз менің сайлау алдындағы уәделерімнің бірін, оның ішінде, Украинаның экономикалық төлқұжатын жүзеге асыруды ұсынамыз. Оған сәйкес, Украинада туған барлық бала 18 жасқа дейін Украинаның жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан қаражат ала алады, олар банктегі жеке депозиттік шотында жинақталады және кәмелетке толғаннан кейін оларды Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады”, – деді Зеленский азаматтарға арналған бейне хабарламада.