Мұхтар Тайжан: «Шетелдіктерге ғана емес, қазақстандықтарға да жер сатылмасын»

2062

25 наурыз ауыл шаруашылығы министрлігінде жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан бірнеше ұсыныс жасады.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Оның айтуынша, жерді тек шетелдіктерге ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтарға сатуға тыйым салу керек.

Сонымен қатар, қоғам белсендісі жерді кім жалдап отырғанын бәрі білуі керек, ақпарат ашық болса деген ниет білдірді.

– Халқымыздың тең жартысы ауылда тұрады. Кез келген ауылға барсаңыз, жайылым жерлер жоқтың қасы. Барлығы дерлік жер жеке біреулердің меншігінде. Соны мемлекет өз меншігіне қайтаруы керек. Бүгінде жер комитетінің күші әлсіз. Олар әкімдердің айтқанынан аса алмайды. Ауылдың, мейлі ауданның басшысы болсын, жерді өздері бөліп береді. Бұл дұрыс емес. Жер тек агентікте болуы керек. Олар тікелей басшылыққа бағынуға тиіс. Сол кезде жер мәселесі шешіледі, – деді Мұхтар Тайжан.