Көлгіновтің пиары қанша тұрады?

1190

Жалпы, астана әкімдігі пандемия басталғалы бері пропагандаға 1,3 миллиард теңге жұмсаған.

Әлеуметтік желілердегі Ras Aitamyn зерттеу арнасы елорда «қызыл аймаққа» еніп, коронавирус індеті өршіп жатқан тұста астана әкімдігінің мемлекеттік бағдарламалар пропагандасы мен вируспен күресті БАҚ-та насихаттау үшін бюджеттен 287,5 миллион теңге жұмсамақ жоспарын анықтады, деп жазады qazaqtimes порталы. 

Порталдың жазуынша, астана әкімдігі пандемия басталғалы бері пропагандаға 1,3 миллиард теңге жұмсаған.
«Мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды және басым бағыттарын іске асыру, оның ішінде коронавирус инфекциясымен күрес жайлы газетте және басылым сайтында ақпараттық материалдар әзірлеу» атты тендерді елорданың активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасы жариялап ұйымдастырып жатыр, ал тапсырыс беруші – астананың ішкі саясат басқармасы. 

Тендер орыстілді және қазақтілді басылымдарға арналған екі лоттан тұрады. 287 млн 510 мың 428 теңге орыстілді және қазақтілді басылымға теңдей бөлінбек. Тендерді ұтып алған басылым ең алдымен елбасы, президент, парламент, үкімет, елорда әкімдігі мен мәслихаттың жұмысы және президент жолдауындағы міндеттердің іске асып жатқанын насихаттайды. Сонымен қатар «денсаулық сақтау саласындағы (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуін жақсарту, медициналық білім беруді модернизациялау) мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды және басым бағыттарын іске асыру мен елордада короновирус инфекциясына қарсы қабылданып жатқан іс-шараларды, қоғамдық сақтық шараларды, халықты вакцинациялауға ақпараттық қолдау» көрсетеді. 

Өнім беруші тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен әбден жауыр болып, тізесі шыққан бағдарламалар – «Еңбек», «Нұрлы жер», «Нұрлы көш», «Рухани жаңғыру», т.б. жайлы мақалалар жариялайды. 

Астана әкімдігіне түнеген көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналардың алдына шығуға жарамаған, уәждерін тыңдамаған Көлгіновтің әкімдігі «Халықтың әлеуметтік осал топтарын, ана мен баланы қорғауға арналған шаралар» мен «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы жайлы материалдарға да тапсырыс беріпті. Сонымен қатар ақпарат құралы былтыр Қордай жанжалынан кейін басы дауға қалып, сынға алынған Қазақстан халқы ассамблеясының іс-шаралары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясын және азаматтық ұстаным бойынша қазақстандық бірегейлік пен бірлікті насихаттайды. Өнім беруші ішкі саясат басқармасының тапсырысымен маалалар негізінде 10-30 секундтық бейнероликтер әзірлеп, Youtube платформасында жариялайды. 