ШЫМКЕНТ: «АБАЙЛАҢЫЗ – БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

1178
«Абайлаңыз – балалар!» атты республикалық жедел профилактикалық шаралар ұйымдастыру акциясы аясында Шымкенттегі №17 М.Ю. Лермонтов жалпы орта мектебінде «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбымен жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Ardak.kz Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шара барысында мектептегі Әл-Фараби АПБ ЮПБ мектеп инспекторы «Жолда қалай қауіпсіз жүру керек?» тақырыбында жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға үзіліс уақытында жол қауіпсіздігін сақтау ережесіне байланысты сауалдар қойылып, жолда жүру ережесімен таныстырып, арнайы парақтар таратылды. Дәріс барысында оқушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді.
Мектеп табалдырығын биыл аттаған балғындарға жол ережесін түсіндіріп, кейбірін жүргінші жолағынан жетектеп өтеді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерді топтастырып өткізіп, көлік кептелісін болдырмайды.
Айта кетейік, республика көлемінде өтіп жатқан «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы 14 мамырға дейін жалғасады.