Кез келген мемлекеттік орган немесе қызметкер ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заң талабына сәйкес,мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттері аясында құқықтық заң бұзушылықтарға бармауын,лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланбауын,қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзбауын міндеттейді .
Егерде ,лауазым иесі тарапынан осы талаптар орындалмаған жағдайда ,қызметшінің тәртіптік теріс қылығы деп саналып тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып саналады.
Ал, мемлекеттік қызметкердің іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық орын алғанда , оның жасалу мән жайын, толық жанжақты және обьективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады -делінген .
Елімізде мемлекеттік еңбек институты еңбек қатнастары барысындағы жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңдылықтарын бұзбауын,жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік құрылым болып саналады .
Бүгінде , еңбек инспекцияларында кәсіби білімі жоғары өз қызметтерінің мәртебесін қадір тұта білетін еңбек инспекторлары жетерлік.
Дегенмен,өкінішке орай өз қызметтерінің мәртебесін жеке басы үшін пайдаланытын еңбек инспекторлары да баршылық көрінеді .
Ендігі әңгімеміз осындай бір еңбек инспекторы жайлы болмақ.
Мен 2019 жылы «Шымкенттурист» ЖШС еңбекті қорғау инженері ретінде қызмет істеген болатынмын. Еңбек келісім шарты бойынша менің жалақым
40 000тенге мөлшерінде болатын. Мемлекеттік ұсталымдарды шегергенде мен айына 30 000тенге қазан айына дейін, яғни 9-ай жалақы алып келген болатынмын.
2019 жылдың қаңтарынан бастап,Үкімет қаулысына сәйкес ,ең төменгі жалақы 42 500тенге мөлшерінде белгіленген болатын.
Жұмыс беруші осыған сәйкес менің жалақымды 42500тенгеге дейін көтеріп ,тиісті үстеме ақшаны бермеген соң, өзім осы мәселе жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасадым. Алайда ,жұмыс беруші менің осы ұсынысымды белгіленген тәртіппен қарап шешудің орнына ,сіз қазан айынан бастап жұмыстан босағасыз деп таңқалдырды .
Сонда қалай ,мен жұмыстан шығу жайлы өтініш бермесем,болмаса жұмыс беруші тарапынан еңбек шартын бұзу үшін ескерпе хат алмасам қалай мені жұмыстан босата салады екен? Заң қайда ,белгіленген тәртіп қайда дегендей!
Бұл деген сөз, жұмыс беруші еңбек заңдылықтарынан хабары жоқ ,бұрын басшы қызметте істемегенін байқатады .
Жұмыс берушінің еңбек қатнастары туралы білімінің талапқа сай еместігін байқаған соң ,Шымкент қаласы еңбек инспекциясы басқармасына арыздандым.
Арызда көрсетілген менің уәждерімді тексеруге келген еңбек инспекторы,маған жолығып мән жайды біліп,еңбекті қорғау инженері ретінде тексеруге мені қатыстырудың орнына , бірден жұмыс берушінің ыңғайына жығылып, жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне жасаған қысымы нәтижесінде олардан мен 2019жылы бұл мекемеде жұмыс істемеген деген «самоапал» түсініктемелер негізінде мен 2019 жылы бұл мекемеде жұмыс істемеген болып шығамын . Ал керек болса !
Сол мекемеде істейтін 30-шақты қызметкерлердің бәрі мені істемеген деп түсініктеме бергеннің өзінде ,бұл түсініктемелердің ешқандай күші жоқ екенін
дүрдей инспектордың білмеуі мүмкін емес ,бірақ білсе де тәуекелге баруға мәжбүр болған , жұмыс берушіні қолдау үшін.
Менің өтінішім бойынша келген еңбек инспекторы, менің бұзылған құқықтарымды қорғауды қамтамасыз етудің орнына ,арызда көрсетілмеген жайттарға көңіл бөліп өзінің жеке басының пайдасына қатысты «пендешілік» әрекеттерге барған.Керек десеңіз күні бүгінгі дейін ол инспектордың аты жөнін , өзін де көрген емеспін.
Жұмыс берушіге Үкімет қаулысын орындата алмаған мемлекеттік еңбек инспекторынан не үміт, не қайыр демеске амал жоқ.
Осы жайтқа басқарма басшысы Б .Қалжанов мырза не дер екен?
Еңбек инспекторы на ровном месте жұмыс берушіге тәуелді болып, қылмыстық құқық бұзушылық әрекетке барғанша ,бірауыз маған жолығып істің мән жайын білсе болмас па еді- құры бекерге самопал түсініктемелер жинай бергенше , жұмыс берушінің « заңсыз өтінішін» орындау үшін.
Әрине кез келген жұмыс беруші ,әсіресе еңбек заңдылықтарын білмейтін басшы мемлекеттік инспектордың ыңғайына жығылғанын ескеріп, материалдық тұрғыдан қолдауға шамасы келеді де және ондай әрекетке барғанына қуанбаса , өкіне қоймас.
Сонда ,мемлекеттік еңбек инспекторы ерте ме кеш пе бұл мәселе көтерілген жағдайда , қалай болар екен деп еңбек инспекциясы басқармасының мүддесін ойламағаны ма ?
Ақыры , жұмыс беруші мені қызмет істемеген деп көрер көзге көк тиынға арзымайтын түсініктемелерді «сфабриовать» еткені үшін, мен арыз жазып жұмыстан шығайын деп 2019жылы 30 желтоқсанда арыз тастадым.
Осы арыз бойынша жұмыс беруші мені 2020жылдың 30 қаңтарында жұмыстан шығарып,заңда белгіленген тәртіппен есеп- қисап жасап менің есеп шотыма тиесілі ақшаны аударуға міндетті болатын.Бірақ та бұл арыз да белгіленген тәртіппен қаралмай, жұмыс беруші тарапынан аяқсыз қалды .
Сонда қалай , Шымкент қаласында жұмыскердің өз еркімен жұмыстан шығуы да проблемаға айналғаны ма?
Неге жұмыс беруші ,осыншама басқа шығады ?
Бұл жайттарға , мекемедегі еңбек қатнастарнына қатысты мәселелерді жан — жақты ,толық тексермей біржақтама тексерген еңбек инспекторы тікелей кінәлі екенінде күман жоқ.
Ендігі жерде ,Шымкент қаласы еңбек инспекциясы басқармасының
басшысы,әрі өңір басшысы ретінде Президент талабына сәйкес дербес жауапкершілік танытып , тиісті дәрежеде кызметкерлердің орындаушылық тәртібіне жете бақылау жасап отырғанда ,олардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және сыбайлас жемқорлықпен күрес сияқты кешенді шараларды талапқа сай жүзеге асыруды қамтамасыз еткенде ,инспекторлар тарапынан қызмет барысында тәртіптік теріс
қылық пен қылмыстық құқық бұзушылылық көріністері орын алмаған болар еді.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік еңбек инспекторының шектес тыс заңсыз әрекеттеріне баға беріп ,шара көру үшін басқарма басшысы Б. Құлжанов
мырзаның лауазымы мен жауапкершілігі жетер деп санаймын.
Еркін Керімбайұлы Турдахов
Еңбек ардагері ,Шымкент қаласы .