Әлемдегі ең сұлу ару деп танылған бойжеткен туралы не білеміз (видео)

2600

Бразилия мен Перу аруын шаң қаптырып, «Әлем аруы — 2020» байқауында үздік деп танылған мексикалық ару Адреа Меза туралы бірқатар қызықты ақпаратты KAZ.NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

26 жастағы Андреа Меза әлемнің 73 аруының арасында ең сұлуы деп танылып отыр.

https://www.instagram.com/p/CO5NPOWrmp6/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Шетел бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған мәліметтерге сенсек, Меза бағдарламашы мамандығын бітірген. Бойжеткен байқау барысында нағыз сұлулық тек сыртқы келбетте ғана емес, ішкі жан-дүниеде екендігін сөз етіп, әр бойжеткен өзін бағалай білуі тиіс екендігін алға тартады. Осылайша, сұлулық стандарттарын қалай өзгертуге болады деген сұраққа ұтқыр жауап қайтарған ару төрешілерді тәнті еткен.

Меза — әйел құқықтары бағытындағы белсенділердің бірі, ол Әйелдердің муниципалдық институтымен бірлесе жұмыс атқарады.

https://www.instagram.com/p/CO5qLJdg2z7/?utm_source=ig_web_copy_link

Одан бөлек, ару сертификаты бар визажист әрі модель болып табылады. Бойжеткен экстремалды спорт түрлері мен кроссфитке ерекше қызығушылық танытады. Ол сонымен қатар Чиуауа қаласының туристік бренд-амбассадоры.

Еске салсақ, бұған дейін біз мексикалық бойжеткен «Әлем аруы-2020» байқауының жеңімпазы атанғанын жазған едік.

Бойжеткенге тәжді 2019 жылғы байқаудың жеңімпазы Оңтүстік Африкадан келген Зозибини Тунци табыстады.

Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан Республикасы мен Перу арулары кірді. Андреа Меза — «Әлем аруы» атағын жеңіп алған үшінші мексикалық әйел. 1991 жылы Люпита Джонс, содан кейін 2010 жылы Химена Наваррет «Әлем аруы» атанған болатын.