Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және олардың бойында қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне сай келетін құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта колледжде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары тиімді ұйымдастырылып келеді.
Осы факторды ескере отырып, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен бірлесе отырып теолог маман Тілләбек Саян «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Түркістан – индустриалды құрылыс колледжінің студенттеріне түсіндіріу жұмыстарын жүргізді.