Жастардың қалыптасуына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту – бұл құбылыстың маңызды факторы, қоғамдық санаға, құқықтық және саяси мәдениетке байланысты түпкі себептерді жою арқылы осы мәселені шешуге ықпал етеді.
Осы орайда, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының жол — көлік колледжі студенттерінің арасында колледж ұстазы А.Мамырханованың жетекшілігімен қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында онлайн ісшарасы өткізілді.
Студентерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы кеңінен түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы, мемлекетімізде қабылданған бағдарламалар мен түрлі шаралар туралы таныстырылды.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп — қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
А.Мамырханова, Шымкент жол-көлік колледжі.