Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тақаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауын кең көлемде насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жастар — кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Жастар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алып, мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы зор дейді семинар тренингке қатысушылар
Іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдер бойында үлкен рөл атқаратын – жетекші эмоциялар (мұң, қуаныш, ашу, қорқыныш, таңдану, жиіркену, жек көру). Осы аталған эмоциялар түрлі жағдайларда орын алғанда оны басқара білуге дағдыландыру. Сонымен қатар жастардың бойында әдептілік пен мәдениеттілікті қалыптастыру негізгі мақсаттардың бірі.
Шырайлы қаланың жастарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау, жастарымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатындағы маңызы мен тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.