Шымкентте «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

3144
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, ағымдағы жылдың 25-маусымында Шымкент қаласындағы ғылыми кітапханада «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Психикалық денсаулық орталығының дәрігер мамандары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері және ғылыми кітапхананың көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинап, кітап оқуға шақыру болып табылады.
Іс-шара барысында нашақорлықтың зияндығы туралы бейнебаян ұсынылып, осы тақырыпта баяндамалар оқылды.
Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар туралы айтып өтті.