ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

827

Еліміздің атын әлемге танытатын саланың бірі спорт саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Үшінші мегаполистегі жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратын орталықтың бірі «Жастар ресурстық орталығы» бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауқымды жұмыстарды атқарып келеді.  Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен шалғай аудандардағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып Сәуле шағын ауданында жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» жобасы аясында үстел теннисінен турнир өткізілді.
Шара барысында ең үздік деген 4 жас «Үздік шебер ойыншы»болып табылды.  «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары шалғай аудандарды аралап, ондағы жасайтын үйірмелер мен спортқа арналған арнайы залдармен танысты.  Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып,   бұқаралық спорттың дамуына септігін тигізетін мұндай турнирлер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.