Түркістан: желіде жұмыс уақытында мейрамханада отырған прокуратура қызметкерлерінің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

1022
Instagram әлеуметтік желісінде  прокуратура қызметкерлерінің жұмыс уақытында тамақтануға келген сәті түсірілген видео тарап кетті.
Кадрда ер адам мейрамханада отырған 3 құқық қорғау қызметкерінің жанына келіп сәлемдеседі. Содан соң оларды сұрақ астына ала бастайды.
«Жұмыс уақытда мейрамханада неге отырсыздар? Прокуратураға түскі ас сағат 12-де ме? Облыстық прокуратурада істейсіздер ғой?», — дейді автор.
Желі қолданушыларының бірі «тамақтанғанда тұрған не бар» десе, енді бірі «жұмыс уақытында тек жұмыста болуы керек» дегенді алға тартады.

Дереккөз:sn.kz