Байден: Палестина жеке мемлекет болуы тиіс

952

АҚШ президенті Джо Байден Израиль-Палестина мәселесінің ортақ шешімі туралы ұсыныс жасады. Ол БҰҰ Бас Ассамблея сессиясында ең қолайлы деп санайтын өз әдісі туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Джо Байденнің айтуынша, «екі бөлек халық үшін екі мемлекет» принципі 70 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан, қақтығысты оң жағына шешетін шешім екенін баса айтты.

«Екі штат құру туралы шешім — Израильдің болашағын демократиялық еврей мемлекеті ретінде сақтап қалудың ең жақсы жолы», — деді Ақ үй басшысы.

«Екі бөлек халыққа екі мемлекет» формуласы бұл қақтығысты “егеменді Палестина” мемлекеті құрылғаннан кейін шешілетініне сенімді. Бұл формуланы Израиль мен Палестина саясаткерлері жиі сынға алады.

Сонымен қатар, Байден екі жаққа да зиян тигізбейтініне сенім білдірді.

1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннаннан бастае, аймақта қарулы қақтығыстар жиі болып тұратынын, бірнеше рет басқа елдердің қатысуымен толық көлемді соғысқа ұласқанын тілге тиек етті.

11 күндік өзара қақтығыстың өршуі кезінде Газа секторында кемінде 260 адам, Израильде 13 адам қаза тапты.

”Адырна” ұлттық порталы