Италияда бір тәулік ішінде 475 адам коронавирустан көз жұмды

894
Италияда бір тәулік ішінде 475 адам коронавирустан көз жұмды. Елде вирустан қайтыс болғандар саны шамамен 3,5 мыңға жуықтады. Жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 35,5 мыңнан асты. Төрт мыңнан астам адам айыққан.
Италия — коронавирустан қатты зардап шеккен Қытайдан кейінгі екінші мемлекет.
Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. 8 мыңнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) дерегінше, науқастардың басым бөлігі — 80 пайызы — Еуропа және Шығыс Азия елдерінде тұрады.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мамандар коронавирустан қорғайтын екпені сынақтан өткізе бастағанын хабарлады.
Қарай отырыңыз: Пандемия шекара жауып, қозғалысты шектеуге мәжбүрледі (16 наурыз 2020 жыл).

Дереккөз:azattyq.kz