Қазынашылық департаментіндегі кәсіподақ кездесуінде марапаттар табысталды

62

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырды. Жиын барысында кәсіподақ қызметінің алдағы жылдарына арналған жоспары мен стратегиялық бағыттары талқыланды.

Серік Елемесұлы өз сөзінде 2025-2030 жылдар аралығында кәсіподақтың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Оның айтуынша, кәсіподақтың жұмысы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға да бағытталатын болады. Ол алдағы уақытта әрбір қызметкердің әл-ауқатын көтеруге, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауды арттыруға баса назар аударылатындығын атап өтті.

Кездесу соңында, Қазынашылық департаментінің бірқатар қызметкерлері кәсіподақ наградаларымен марапатталды. Бұл марапаттар қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін, ұжымдағы жауапкершілік пен еңбектегі жоғары нәтижелерін бағалау үшін табысталды. Марапатталғандар:

  • Мамыраева Дариха Ергешалиқызы — департаменттің операциялық бөлімінің бас маман-бас қазынашысы «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды.

  • Нурметова Гульзира Мураталиқызы — департаменттің операциялық бөлімінің бас маман-бас қазынашысы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

  • Қали Аян Дуйсенұлы — департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Марапаттар қызметкерлердің еңбек жолындағы табандылығы мен кәсіподаққа қосқан үлесін бағалау болып табылады. Бұл қызметкерлердің жоғары кәсіби шеберлігі мен ұжымдағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған ынталандыру болды.

Кәсіподақтың бұл шаралары ұжымдағы жұмыс сапасын арттыруға, қызметкерлердің көңіл-күйін жақсартуға, сондай-ақ оларды еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Кәсіподақтың өз міндеттерін іске асырудағы маңыздылығы дәл осындай жиындарда айқын көрінеді. Кәсіподақ тек жұмысшылардың құқығын қорғаушы ғана емес, сонымен қатар, олардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек жағдайларын оңтайландыруға және еңбек қауіпсіздігіне қатысты түрлі шараларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.