САУДА НҮКТЕЛЕРІНДЕГІ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

825
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Шымкент қаласының Полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкерлері бірігіп, қаладағы сауда нүктелеріндегі есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын айтып өтті. Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.