Ата-баба кәсібін жалғастырып келе жатқан жас кәсіпкер

1903

Шымкент қаласында жас та болса, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі жас кәсіпкер, «Salim Barbershop» негізін қалаушы Орынбай Салимбой.

Жас кәсіпкерге бұл өнер атадан дарып, 12 атадан бері шаштараз кәсібін жалғастырып келе жатыр.

Орынбай Салимбой: «Бұл бізге 12 атадан, әулеттен-әулетке өтіп келе жатқан кәсіп. Менің нағашы атам шаштараз болған. Қазіргі таңда нағашыларым да бұл кәсіпті жалғастыруда. Әулетіміздің бұл саланы жалғастырып келе жатқанына 204 жыл, яғни 2 ғасырдан бері ата-баба кәсібін жалғастырып келе жатырмыз.

Қазір біздің салонда шаштараздыққа қызығатын жастарды оқытудамыз. Және де barbershop кәсібіне қызығатын жастарды, «Salim Barbershop» салонына шақырамыз».