ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДРЛІК САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

1237
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының бірлестігі Отбасылық құндылық және гендерлік саясат әлеуметтік жобасы аясында қаламыздың бірқатар жас отбасыларының, белсенді көпбалалы аналардың қатысуымен семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингке заң ғылымдарының PhD докторы, заңгер Е.Бекбосынов, Shymkent adaldyk alany жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қаламыздың ардагер ұстазы Ф.Тілеубердиева, Шымкент қаласының әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшы орынбасары Г.Жаханқызы арнайы лекциялар оқып қатысушылармен пікір алмасты.