ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕРІКТІЛЕРІ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДӘРІ ҚОБДИШАЛАРЫН ТАРАТТЫ

694

Шымкентте COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің еріктілері атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишаларын таратты.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.