Шымкент қаласында қонағы үй иесін ұрып, тепкілеп өлтірді

1777

Марқұм мен күдікті отбасылық аралас-құраластығы бар жандар болған көрінеді

Ardak.kz. Шымкент қаласы 11-ші шағынауданның 1974 жылы туған тұрғынын үйіне арнайы шақыртқан сыйлы қонағы мас халде ұрып соғып, ақыры өлтіріп тынған, деп жазады nur.kz.

Марқұм мен күдікті отбасылық аралас-құраластығы бар жандар болған көрінеді. Көңілді отырыс кезінде үй иесі мен 1975 жылы туған күдікті арасында кикілжің туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні бас-аяғы жоқ соққының астына алған екен. Нәтижесінде 44 жастағы азамат оқиға орнында, яғни өз үйінде жан тәсілім еткен.

  • «Бұрын сотты болмаған, тұрақты жұмысы бар, тепсе темір үзетін, әп-әжептеуір азамат кісі өлтіріп отыр. Оған спирттік ішімдіктің әсері болған. Келеңсіз, ойда-жоқта осындай қылмыстар болып жатады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кісі өліміне ұштасқан қылмысқа ешқандай аяушылық жоқ. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Кепілсіз, үй қамақсыз»-дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.