ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

1027

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы Әл- Фараби аудандық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 7 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 11 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.