«Qazsport» Еуропаның топ-5 лигасын тікелей эфирде көрсетеді

1041
MADRID, SPAIN - APRIL 23: Lionel Messi of Barcelona scores their first and equalising goal during the La Liga match between Real Madrid CF and FC Barcelona at Estadio Bernabeu on April 23, 2017 in Madrid, Spain. (Photo by Gonzalo Arroyo Moreno/Getty Images)

«Qazsport» телеарнасы алдағы уақытта Еуропаның бес ірі чемпионатын тікелей эфирде көрсетуді жоспаралап отыр.

Барша қазақстандықтарға қол жетімді жалғыз спорттық телеарна осылайша футбол жанкүйерлеріне шаттық сыйлауға жақын.

Бізге жеткен ақпаратқа сенсек, жақын арада Англия Премьер лигасы, Испания Ла лигасы, Италия А сериясы, Германия Бундеслигасы және Францияның Бірінші лигасы «Qazsport» арқылы жанкүйер назарына жол тартады.

Естеріңізде болса, кеше «Qazsport» телеарнасы UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтаттынын мәлімдеген еді.