ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 тамыз Конститутция күні қарсаңында, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның Ата Заңы – Тәуелсіздіктің негізгі құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және «Ана үйі» қоғамдық қорынының қызметкерлері мен жалғыз басты аналары қатысты.
Пікір алмасу барысында саналы жастарды отбасылық өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, позитивті ойлау, өзіне деген сенімділікті арттыру, ішкі қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізілді.