«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖАС МАМАН ҮШІН ТИІМДІ

1127

2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының үшінші бағыты аясында жастар практикасы да  қарастырылған. Бұл білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында ұйымдастырылған.

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының кеңесімен «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналасқан Даниярова Мөлдір бүгінде өз мамандығы бойынша жұмыс жасауда.

Даниярова Мөлдір биыл аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің педагогика-психология мамандығы бойынша тамамдаған.

Қаланың жұмыссыз жүрген жас түлектерін «Жастар практикасы» бойынша толығырақ ақпарат алу үшін қалалық «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік желілерінің парақшаларынан немесе мына телефон арқылы алуға болады — 87074757612.