«МІНЕЗ КӨҢІЛ-КҮЙ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

918

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мінез көңіл-күй айнасы» тақырыбында семинар — тренинг өтті.

Аталған іс-шараға «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» психолог маманы Сарсенбаева Айжан Тансыкбаевна және колледж студенттері қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты — жастар арасында позитивті ойлап, өзіне деген сенімділікті күшейту. Сонымен қатар ішкі қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі әдістемелер жүргізілді.