ДОНОР БОЛ! ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!» АТТЫ ҚАН ТАПСЫРУ ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

973

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қалалық «Қан орталығының» бірлесіп ұйымдастыруымен «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» атты қан тапсыру донорлық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру. Донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау, өскелең ұрпаққа донор болғанның ешқандай зияндығы болмайтынын түсіндіре отырып, қаламызда донор жандардың қатарын көбейтуге қала тұрғындары мен жастарды игілікті іс жасауға шақыру.
Аталмыш шараға, төтенше жағдайлар қызметшілері, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар, мұғалімдер, рухани жаңғыру орталығының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, волонтерлер және белсенді жастары, жалпы саны 100-ден астам адам қан тапсыруға қатысты.
Акция барысында алдымен қатысушылары денсаулықтары толық тексеруден өткізіп, қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.