Түркістан прокуратурасы 22 прокурордың портретін салуға 7,5 млн теңге бөлген

973

Түркістан облысының прокуратурасы 7,5 миллион теңгеге 22 прокурордың портертін салуға тапсырыс берген. Қазақстанның Бас прокуроры және Түркістан облысының прокуроры болған лауазымды тұлғалар бейнеленген портреттер, майлы бояумен салынады, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Мемлекеттік сатып алу порталында 7 қыркүйекте жарияланған лотты жеке кәсіпкер ұтып алған. Техникалық сипаттама бойынша тапсырысты орындаушы әр портрет өлшемін 70-те 50 сантиметр, жақтау қалыңдығын 5 сантиметр етіп жасауы қажет. Әрі әрқайсының жоғарғы жағына прокурорлардың есімін алтын түсті, латын қарпімен жазуы тиіс. Миллиондар жұмсалатын суреттер қазанның бесі күні дайын болуы шарт. Алайда Түркістан облысы прокуратурасындағылар бұл қаражат түгелдей бұрынғы бас прокурорлардың кескінін бейнелеуге емес, тарихи қаланың көрінісін суреттеуге жұмсалады деді.