9 млн адам эвокуацияланады. Жапонияға ондаған жылда болмаған тайфун басып кірді

1276

Жапонияны су басып жатыр. Соңғы ондаған жылда болмаған тайфун адамның өмірін қиған, кемі 90 адам жараланған, деп жазады ВВС.

Қаза тапқандардың бірі көлігімен бірге суға кетсе, бірі көшкіннен қираған үй ішінде мерт болған. Жергілікті билік 9 миллион тұрғынды көшіргелі жатыр.

Жексенбіде елдің оңтүстігіндегі Кюсю аралына басып кірген Нанмадол тайфуны сағатына 234 шақырым жылдамдықпен соғатын жел мен жауын әкелген. Салдарынан үйлер қирап, транспорт пен өнеркәсіп орындарының жұмысы тоқтаған.

Ел астанасы Токио нөсер асында қалып, Tozai метро желісі тоқтатылған. Аса жоғары жылдамдықпен жүретін пойыздар, поромдар мен ұшақтардың да қозғалысы тоқтап тұр. Дүкендер істемейді.

Елдің премьер-министр Фумио Кисида БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеу үшін бармақ болған Нью-Йоркке сапарынан бас тартты.

Синоптиктер дауыл шығысқа қарай ойысып Хонсю аралын басып өтетінін, сәрсенбі теңізге қарай соғатынын айтады.