ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

892
Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады.
Естеріңізде болса, былтыр «Азат», «Асар-2», «Достық» елдімекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын.
Биылғы жылы тізім «Тұран», «Нұртас», «Тассай», «Қайнарбұлақ тұрғын алабы», «Қайнарбұлақ саяжайы» елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Р.Мулкеманов 2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз деді.