“ҚОҚЫС БІЗДІКІ ЕМЕС, БІРАҚ ҚАЛА — БІЗДІКІ”

769

Бүгін Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ынтымақ мөлтек ауданында ECO SANA қозғалысының күз маусымының ашылу салтанаты өтті.

Жобаның мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту. Ең бастысы қоқыс талазау емес, қоқыс тастамау болып табылады.

Аталмыш акцияға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан,Шымкент қаласы маслихатының депутаты Мұрат Жолдыходжаев, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева және бақ өкілдері қатысты.

Eco sana жобасына қатысуға қала белсенділері,  волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 25 команда өтінім беріп 250 жас сенбілікке қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылды.

Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.