ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СТОЛ ТЕННИСІНЕН СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

868

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші аудандық мамандарының ұйымдастыруымен мектеп жасындағы жастардың қатысуымен стол теннисінен спорттық шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында аудандардағы түрлі спорттық үйірмелерді дамыту. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Аталмыш шара Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының алдында өтті. Спорттық шараға 10-нан аса жасөспірім қатысты.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталды.