Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 2012 жылы болған сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды.
Экс-президент шараға 43 миллион еуро жұмсап, елді екі есе көп шығынға ұшыратқан.
Айта кетейік, саясаткер жазасын түрмеде емес, үйқамақта өткізеді.