ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және «Отбасы банк» АҚ-ның ұйымдастыруымен базар жастарына ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттандыру жұмыстары қаламыздағы «Самал» базарының жұмысшы жастарына жүргізілді.
Аталмыш шара барысында тұрғын үймен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы айтылып, нәтижесінде 180 – ге жуық жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 12 жасқа «Отбасы банк» АҚ-ның қызметкерлері депозит ашып берді.