Оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізді

567
Шымкент қаласы аумағында «Абайлаңыз — балалар!» тәртіптік іс-шарасы аясында Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Р.Шыңғысхан №79 мектепте жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншінің бағдаршамның тек жасыл түсіне өту, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды.​