Шымкентте жасөспірім профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

1071
Шымкентте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттары анықталады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.
Осы орайда, Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны М. Тоғаев және учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты А. Исмаилова №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бармауға шақырып, алкогольдік және темекі өнімдерін алмауға, түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта жүруге болмайтыны туралы түсіндіріп өтті.
Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.