Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қыздар арасында репродуктивті денсаулықты сақта және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Дәрістің мақсаты — жасөспірімдерде ерте жүктілік, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту мәселелері туралы ақпараттандыру. Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктіліктің қауіптілігі қандай? Ерте жүктіліктің алдын-алудың шаралары қандай? Ерте жүктілік — не істеу керек? Ерте жүктіліктің нәтижесі, сіздің таңдауыңыз. Дәріс мазмұнды және ең бастысы пайдалы болды. Ерте жүктілік тақырыбы өте өзекті, сондықтан оның алдын алу үшін бәрін жасау керек. Қыздар қызықтырған сұрақтарына жауап алды, сонымен қатар көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.
Аталмыш шара барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізілді.