Қазақстандықтар зейнетақы жинағын 16 желтоқсаннан бастап «Отбасы банкіндегі» депозитке аудара алады. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бір реттік зейнетақы төлемін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізу процесін жеделдету туралы шешім қабылданды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр. Біздің клиенттер үшін ережеге енгізілген бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз депозиттерді толықтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында қосып, төрт демалыс күні арнайы шот пен депозит ашуға дайынбыз», — деп жазды Ибрагимова Facebook парақшасында.

Ол мұны www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимінде істеуге болатынын айтты.

«Ақпарат қауіпсіздігі мақсатында платформа қазақстандық IP мекенжайларда ғана қолжетімді және планшет немесе стационарлық компьютерде жұмыс істеуге лайықталған. Егер біреудің порталға кіре алмай жатқаны туралы жазбасын көрсеңіз, бұл жазба авторының VPN арна арқылы түсініксіз сайттарға кіріп, енді платформаға кіре алмай жатқанын білдіреді. Өнімдерді қарау үшін филиал қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге қосуды бастаймыз», – деді ол.

«Отбасы банк» АҚ басшысы банк бөлімшелеріне келудің орнына оператормен видеобайланыс арқылы қосылуға шақырды.

Сондай-ақ Ибрагимова БЖЗҚ-дағы бұрынғы жеткілікті шекті қолдану мерзімінің ұзартылуына қатысты да пікір білдірді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бұрынғы жеткілікті шекті қолдану мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды. Ең алдымен бұл 200 мыңға жуық салымшыға өзінің бір реттік зейнетақы төлемін пайдалануға мүмкіндік береді. Еңбекке қабілетті 170 мыңға жуық қазақстандық бір апта ішінде өтініш берген. Егер елдегі отбасының орташа коэффициенті 3.8 болса, онда 640 мың адам кетіп бара жатқан пойыздың вагонына секіруге тырысқандай болды. Енді асықпай ақылға қонымды шешімдер қабылдауға болады. Өтінім берушіге қаражатты пайдалану мақсатын растауға 45 жұмыс күні беріледі. Егер ақша бүгін түссе, желтоқсандағы мерекелерді ескеріп, 20 ақпанға дейін уақыт бар деп есептеуге болады», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа тек қазақстандық IP мекенжайларынан ғана қолжетімді және планшеттік немесе стационарлық компьютерлермен жұмыс істеуге есептелген.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі жолдауында қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін жеткілікті шектен асқан жағдайда «Отбасы банк» шотына аудара алатыны туралы айтқан. Тоқаевтың сөзінше, бұл шара қаражат жинау және оны сауатты басқаруға ынталандырады.

Айта кетері, “Отбасы банк» (бұрын» Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі») – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі жалғыз банк.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Жеткілікті шек сомасы 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты ұлғайтылады. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету.

«Сондықтан зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», –  деп жазды Уәли.