Балабақшадағы күш көрсету: трагедия қайталанбас үшін не істеу керек? – сарапшылар пікірі

1184

Балаларды ұрған тәрбиеші 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қоныс-колонияға қамалуы мүмкін еді. Бірақ жанжал шыққаннан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады.

Қайғылы оқиға Алматыдағы Көкжиек шағын ауданындағы жеке балабақшада орын алды. Тәрбиеші балаларды оқтаумен ұрып, шаштарынан тартқан. Мұны бейнебақылау камералары көрсетті. Мекеме басшысының айтуынша, балалардың бірінің әкесі сабақтың қалай өтіп жатқанын көргісі келген, нәтижесінде оқу процесінің орнына жазбада балаларды қалай азаптап жатқанын көрді.

Кейіннен белгілі болғандай, тәрбиеші тәрбиеленушілердің ұрғанымен қоймай, тыңдамағаны үшін бір баланың аузына күштеп тұз толтырып, ернін күйдірген.

Сонымен қатар, көптеген балалардың қорқып қалғаны соншалық, ата-аналарына қорлық әрекеттер туралы ештеңе айтпаған. Жанжалдан кейін қатыгез тәрбиеші заң бойынша баппен жұмыстан босатылды. Ақпаратты мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі растады. Жетісу аудандық полиция басқармасында аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек айыпталушы тәрбиешінің өмірмен қоштасқаны белгілі болды.

08Неге бұлай болады?

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, балабақшалар мен мектептер балалар үшін ең қауіпсіз жер болуы керек.

– Неліктен  тәрбиешілер мен педагогтар тарапынан қорқытып-үркіту және балаларға ашықтан ашық күш қолдану жағдайлары орын алуда?

Біріншіден, жазасыздық. Қызметкерлер жалпы, әсіресе балалар мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайтынын түсінуі керек. Мұндай мінез-құлық үшін олар заң бойынша жауап беруі тиіс

Екіншіден, тәрбиешілер мен күтушілердің жалақысы аз, сондықтан бұл өте маңызды жұмыстарға қызметкер таңдап алу мүмкін емес. Тәрбиешілікке сауатты және табысты адамдар бармайды. Көбінесе, басқа жерден жұмыс таппағандар — ешқайда оқуға түсе алмаған немесе уақытын өткізіп алғандар, бірақ жұмыс істеу керек болғандар барады.

Әрине, тәрбиешілердің арасында өз жұмысын жақсы көретіндер және балалар мен олардың балалық шақтарына адал қызмет ететіндер көп. Кейбір тәрбиешілер мен олардың көмекшілерінде бейінді білімнің болмауы үлкен қиындық туғызуда

09
ИРИНА СМИРНОВА

Мұндай нашар мамандар балаларға қандай тапсырма берерлерін және жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін білмейді. Сондай-ақ, баланың физиологиясы мен психологиясын білу керек, әр баланы оның жасы ерекшеліктеріне қарай түсіну керек, – дейді ол.

Балабақшалардың басқа да қиындықтары

Смирнова депутаттар ересек адамның балаға тікелей жасаған зорлық-зомбылығына наразылық білдіргендерін айтады.

– Бірақ жасырын зорлық-зомбылық та  бар. Мысалы, ересек адамның нұсқауы бойынша балалар ұзақ уақыт бойы орындықтарға отыруға мәжбүр болуы. Барлығы әдемі сияқты, барлығы қатарынан тізіліп көз алдында отырады… Және қанша уақыт отырады, неге отырады және баланың дамуы үшін бұл қажет пе, ол жағына аз ойлайды.

Сонымен қатар,

бала 30-40 минут бойы “сабақ оқумен” айналысып, тіпті баға қойылып жатқаны, балабақша өмірін “мектепке айналдыру”. Балабақша өміріндегі ойындар, серуендердің болмауы … Бәрі өте ұйымдасқан түрде және кертартпалық

Әрине, балалар мекемелерінде осы мамандықтың үздік өкілдері жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бірақ онда жалақы да соған лайық болуы керек және ұйымға қойылатын талаптар да жоғары болады”, — деді депутат.

Азаптағаны үшін жаза

Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша балабақшадағы тәрбиешінің мұндай әрекеттері  110-баптың екінші бөлімі – “Азаптау” бойынша қаралуы мүмкін.

Екінші бөлім кәмелетке толмағандарды жүйелі түрде қорлағаны үшін немесе кез-келген жастағы адамды бір топ адам азаптағаны үшін айыптайды. Осы бап бойынша жаза – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру

Егер баптың бірінші бөлігінде айыппұл салынуы мүмкін болса, екінші бөлімде ол жоқ.

10
СЕРГЕЙ УТКИН

– Қылмыстық Кодекстің 110-бабының екінші бөлімінде біз жүйелі түрде ұрып-соғу немесе басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы психикалық немесе физикалық азап шегу туралы айтып отырмыз.

Осындай жағдай бірнеше жыл бұрын Атырауда болған, тәрбиеші сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мекемеде баланы азаптаған. Ол кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеуге кесілді.

Жалпы, 110-бапқа сәйкес тарту үшін және бұл зорлық-зомбылықты жүйелі түрде қолдану үшін жағдай жалғыз болмауы керек, кем дегенде екі-үш.

Егер бір реттік жағдай ғана дәлелденсе, тәрбиеші “ұрып-соғу” бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Егер баланың денсаулығына жеңіл жарақат (көгеру және сырылу) келтірілмесе, бұл жағдайда 10 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер денсаулыққа жеңіл жарақат келтірілсе, онда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынады, — дейді заңгер.

Директорды жазалау керек пе?

Күдіктінің өз-өзіне қол жұмсағанын ескере отырып, балабақша директоры өз қызметкерлерінің балаларға деген қаталдығына жол берген және алдын алмағаны үшін жазалана ма деген сұрақ туындайды. Бірақ, Уткиннің айтуынша, балаларды ұрып-соққан балабақша директорын ешқандай жаза күтпейді.

– Қылмыстық жауапкершілікке белгілі бір адамның — қылмыстық әрекетті жасаған адамның әрекеті тартылады. Бірақ егер директор біле тұра, еш амал қолданбаған болса, онда, әрине, сыбайлас ретінде іс басқаша қаралады.

Ия, және кінәсін дәлелдеу керек, ал директор не болып жатқанын білмегенін айтуы мүмкін. Және солай болғанын дәлелдеп көр, — дейді заңгер.

дереккөз https://365info.kz/