Өзбек әншісі Ситораның ән салғаны Қайрат Нұртастың қаламақысынан он есе артық

1778

Жақында Өзбекстанның белгілі әншісі әрі актрисасы Ситора Фармонова Түркістан қаласына келіп кетті.

Өнер иесі Түркістанда өткен гала-концертте ән салып, реалити-сериалға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұйымдастырушылар Ситораға 29 миллион теңге қаламақы төлеген. Бұл туралы Instagram-дағы Qazyna.qz парақшасы жазды. Өзбекстандық жұлдыз Түркістанға «Ауыл travel» реалити-сериалына түсуге келген. Сериал Пістелі ауылында жүзеге асқан. Сюжет бойынша танымал актриса сиыр сауып, нан пісіріп сол ауылдың өміріне сіңісуі тиіс. Телехикая 7 бөлімнен тұрады.

instagram.com/sitorafarmonovaofficial

29 миллион теңге сериал түсіріліміне ғана емес, оның ішінде өзбекстандық актрисаға теленетін қаламақы, оның қонақ үйде тұруы, ұшақ билеті кіреді,

— деп жазылған парақшада.

instagram.com/sitorafarmonovaofficial

Ситора тек сериалға түсіп қана қоймаған, сонымен қатар Түркістанда өткен гала концертте ән шырқаған. Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеген. Өнер иесі думанды кеште белгілі қырғыз әншісі Мейірбек Атабековпен дуэт орындаған.

Шоу-бизнестегі ең бай әрі ең танымал әнші Қайрат Нұртастың өзі бір тойда ән шырқағаны үшін 3,5 миллион теңге қаламақы алатынын айта кетейік.