Имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма?

664

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов имамдардың желіде уағыз айтуы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz.

Бүгін  журналистер Ысқақовтан Қазақстанда Өзбекстандағыдай имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма деп сұраған.

– Сөзсіз, бұл мәселеден хабардармыз. Алайда әлеуметтік желі де өз азаматтарымен тілдесудің бір жолы. Сол себепті басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ оларға (имамдарға) әлеуметтік желі түрлеріне тыйым салу мәселесі күн тәртібінде жоқ, – деп жауап берді Ысқақов.

Вице-министрдің айтуынша, имамдар жамағатымен онлайн да, офлайн да, стрим арқылы да сөйлесе алады.

Еске сала кетейік, 27 мамырда Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және әлеуметтік желілердегі жазбаларға «лайк» қалдырмау туралы ескерту алған.

Abai.kz