Роналдуды ғашық еткен арудың суреттері көпті тамсандырды

2364

Футбол жұлдызы Роналду Мадридтегі Gucci дүкенінде жұмыс істейтін Джорджина Родригеспен екі жыл кездескен соң оған үйленуге ұсыныс жасаған. Қазіргі уақытта бойжеткен бір жасар қыз бен Роналдудың суррогатты анадан туған үш баласын бағып отыр деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған Ardak.kz

Бір жыл бұрын ғашықтардың Алана Мартина есімді қыздары дүниеге келді. Одан бөлек, Джорджина Роналдуға суррогатты ана туып берген сегіз жастағы кіші-Криштиану мен Ева және Маттео есімді егіздерді бағып, көмектесіп отыр.

Португалия баспасөзі Джорджинаның «иә» деп келісім бергенін, қазіргі уақытта той салтанатына дайындалып жатқанын айтты.

«Ол өте салмақты», -дейді болашақ келіні туралы айтқан Роналдудың анасы.

Джорджина Родригес кішігірім Хака қаласында туған. Төрт жасынан бастап ол классикалық бимен айналыса бастаған.

Мектепті аяқтаған соң ару Мадридке қоныс аударып, онда білім алуды жалғастырған.

Сондай-ақ, ол сән әлемінің жолын қуып, киім сататын бутикте те жұмыс істеген.