Бейбарыс Қабылан Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды

56

Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Бейбарыс Қабылан финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды тізе бүктірді. Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.

Федерацияның баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады.

«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», — деп жазылған құттықтауда.