Алматылық Ольга алаяқтықтың ерекше бір түрін сипаттады – ол телефон мен құпия сөзді бұзбай-ақ, оның шоттарына қол жеткізген қаскүнемдердің құрбаны болды. Олар SIM-картаны қайта шығарып алған.
Ұялы байланыс операторы полициямен бірге қылмыстың егжей-тегжейін тексеріп жатқанда, бұзақылар зардап шеккен адамның атынан әлеуметтік желілердегі аккаунттарын басқарып, тіпті мобильді банкингтегі қаржылық операциялар жасап үлгерген.
Бұл оқиға жақында Алматыда орын алды.
“24-желтоқсанда Ольга дүкенге бара жатып телефонмен құрбысымен сөйлесіп келе жатқанда байланыс үзіліп кеткен. “Байланыс үзіліп кетті, кейінірек қоңырау шаламын!” деп WhatsApp-қа хабарлама жіберіп, дүкенге кіріп кеткен”, – деп жазды қорғаушы Анна Димитриевич Facebook-тегі парақшасында. – “Көлікке отырғанда, телефоннан музыка қоспақшы болсам, байланыс та, интернет те жоқ. “Роумингтегі теңгерім таусылған шығар. Үйге барғасын саламын”. Ольга саяхаттан жақында ғана оралған. Үйге келген соң теңгерім толтырды, бірақ ұялы байланыс бәрібір де болған жоқ. Үйде Wi-fi бар, кешке WhatsApp-қа
құрбым қоңырау шалып, Telegram-да Ольганың картасына ақша жіберуін сұрағанын айтты. Содан кейін Ольганың барлық шоттарынан ақша шешіле бастайды
Ол байланыс неге болмай жатқанын білу үшін Altel менTele2-ге қоңырау шалады. Sim-картаны бұғаттау туралы өтініш қабылдайды. Таңертең WhatsApp та, Instagram да, Facebook те оған тиесілі болмай шығады — бұзақылар барлық құпиясөздерді өзгерткен.
Altel кеңсесінде алаяқтар Ольганың Sim-картасын қайта шығарып алғаны белгілі болды.
Нөмірді қалпына келтіріп, Ольга WhatsApp-ты қайтарады. Алаяқтардың достары мен туыстарынан ақша сұрап алғанын, кейбіреулері тіпті жіберіп те қойғанын көреді. Instagram және Facebook аккаунттарына келетін болсақ, олар әлі күнге дейін алаяқтардың қолында, қайтару үшін ақша сұрауда”.
Сіздікі болатын, енді — басқанікі ма?
Таңқаларлық жағдай.
Қазір қазақстандықтардың басым көпшілігінің Sim-картасына электронды Үкіметтегі Жеке кабинеттен бастап банктік есепшоттарына дейін бәрі байланған
Әлдекім картаны қайта шығарып, бірнеше минут ішінде банктік есепшоттарын ұүр қалдырып, несие алып үлгеруі мүмкін бе?
Біз Ольгамен байланысқа шықтық:
– Сіз полицияға жүгіндіңіз бе?
– Әрине! 25 желтоқсанда Медеу аудандық полиция бөліміне барып, жағдайды түсіндірдім. Тергеуші мені Әуезов ауданына жіберді, өйткені мен мұндай жағдайға сол ауданда жүрген кезде тап болдым. Маған бір анықтама берді, мен оны ұялы байланыс операторының қызметкеріне бердім. Полиция маған ісімді ІІД-ге, арнайы бөлімге жіберетінін айтты.
– Өзіңіздің әлеуметтік желілеріңізді және банктік шоттарыңызды сақтау үшін не істедіңіз?
– Жалғыз қолымнан келгені, Инстаграмда қосарланған сәйкестендіру кодын қойдым, ал Фейсбук әлі де солардың қолында. Сол арқылы таныстарыма қоңырау шалуда. Instagram арқылы Фейсбукте жарияланымдарды қайталау функциясының көмегімен маған ақша аударудың қажеті жоқ екенін жаза алдым.
Мен қанша ақша жоғалтқанымды әлі білмеймін. Мен мобильді банкингтің барлық қосымшаларын бұғаттадым, бірақ алаяқтардың шоттарымды не істегенін білу үшін банктерге әлі барған жоқпын. Құрбым ана алаяқтарға менің атымнан сұрауы бойынша 57 мың теңге аударып үлгерген. Содан кейін мүлдем басынды — алаяқ менімен байланысқа шығып, маған әлеуметтік желілердегі өзімнің парақшаларымды өзіме арзан бағада сатып алуды ұсынды.
– Сіз ешкімге сенімхат бермеп пе едіңіз?
– Жоқ, бермедім. Сондықтан бәрі таңғаларлықтай. Әлеуметтік желілерді бұзу Қостанайлық IP-адрес бойынша жүрген. Бұл туралы маған Телеграм қосымшасы хабарлады. Айтпақшы, бірінші кезекте, менің сим-картамды алаяқтар қайта шығарғаннан кейін 3 минуттан соң Сбербанкте алғашқы транзакциялар басталды. Яғни, оларды алдымен ақша қызықтырған.
Жаңа әдіс – нотариалдық сенімхат
365info редакциясы Altel-ге түсініктеме алу үшін барды. Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкер Евгения Бекбулатова мынаны хабарлады:
“Қызметкер оператор нотариалды куәландырған сенімхат негізінде ішкі рәсімдерге сәйкес Sim-картаны қайта шығаруды жүзеге асырған. Алайда, бұл жағдайда үшінші тұлғаның айтарлықтай зиянды әрекеттері орын алған.
Операторға нөмір иесінің ішінара түпнұсқа деректері берілген
Жоғарыда айтылғандарға байланысты оператор барлық мән-жайларды анықтау және қажетті шаралар қабылдау мақсатында нөмірдің заңды иесімен және полициямен өзара іс-қимыл жасайды. Оператор өзінің дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтындығына және туындайтын қауіптерге абоненттердің назарын үнемі аударып отырады”.
Сонымен қатар, Altel-де нақты айтқандай, ұсынылған нотариалдық сенімхатта абоненттің деректері нақты сәйкес келген. Оларды салыстырғаннан кейін Sim-картаны қайта шығару жүзеге асырылған.
Әзірге іс жүргізіліп жатыр, ал сенімхаттың пайда болуының мән-жайы да, Ольганың атынан Sim-картаны қайта шығаруға жүгінген адамның өзі де көпшілікке белгісіз болып тұрғанда,
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа, тәжірибелі түрі пайда болды деп сеніммен айтуға болады
Ұялы байланыс операторларының жұмысшыларында нотариалдық құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге арналған құралдар болмағандықтан, осыған ұқсас қылмыстар жаппай орын алуы мүмкін. Бұл жерде Әділет министрлігіне, Республикалық нотариалдық палатаға және құқық қорғау органдарына сенімхаттарды қолдан жасаудан қорғану механизмін тез арада ойлап табу қажет. Немесе шешім қабылдау үшін құжат ретінде нотариалды сенімхат қабылдайтын барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың қызметкерлерімен “жалған құжатты” тану бойынша үйрету жұмыстарын жүргізу керек.
Жалғасы бар…
дерекөз https://365info.kz/