Назарбаевтың екі күйеу баласы қызметінен босатылды

980

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма Төрағасы Димаш Досанов пен «ҚазТрансГаз «ҰК «АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады КазТАГ ақпарат агенттігі.

«Директорлар кеңесі (Досанов пен Шәріпбаевты қызметінен босату туралы – ҚазТАГ) шешім қабылдады» делінген агенттік хабарламасында.

Димаш Досанов – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.