ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 25 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

496

Бүгінде аудан аумағындағы 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Жоба іске қосылған жылы 41 аула абаттандырылып, ойын алаңшалары ашылды. Былтыр 75 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылды.

Тұрғындардың ұсынысына сәйкес биыл 25 ауланы абаттандырып, балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ жеке секторда 4 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылады.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында былтырғы жылы 6 спорт алаңшасы орнатылып, 5 алаңшаға қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Жыл соңына дейін 7 спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

@akimat.enbekshi